ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТКЕ ОРАНҒАН БАЗАРДА 70 ДҮКЕН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ — Xnews — ақпарат агенттігі

ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТКЕ ОРАНҒАН БАЗАРДА 70 ДҮКЕН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек аудан орталығындағы өртке оранған «Күлпаршын базары» ЖШС қайта қалпына келтірілу жұмыстарымен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді.
Қазіргі таңда базарды қалпына келтіру бойынша дайындаған бас жоспар негізінде «STALKON STROY» ЖШС мен «Стандарт Плюс К» ЖШС мердігер мекемелерінен 6 бригадада 40 құрылысшы, оған қосымша «Күлпаршын базары» ЖШС тарапынан тағы жалдамалы 4 бригадада 30 құрылысшы тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ауа райының жаңбырлы болуына қарамастан тоқтаусыз жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының нәтижесінде түрлі тауарлар сататын 70-ке тарта дүңгіршек қолданысқа берілген. Базар басшылығы алдағы аптаның басында ет сататын тағы 30 дүкенді қолданысқа беруді жоспарлап отыр.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын толық аралап шыққан соң базар басшылығына базармен жапсарлас және базар аумағында кәсіпкерлердің өздері салып жатқан ғимараттардың заңдылығын, өрт және басқа да қауіпсіздік шараларының сақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырып, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін заңсыз салынған ғимараттарға заңды құжаттардың берілмейтіндігін қатаң ескертті.
x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...