Экс-мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Қырымбек Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы компания сайтында хабарланды, — деп хабарлайды Xnews.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директор болып сайланды», — делінген хабарламада.

Қырымбек Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Саясат ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты, 1-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші (2003).

Түрлі уақытта премьер-министрдің орынбасары, баспасөз хатшысы – президент баспасөз қызметінің жетекшісі, білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі, білім және ғылым министрі болды.

2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2003 жылдың қарашасынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Қазақстанның Ресейдегі, Финляндиядағы және Армениядағы елшісі болды.

2006-2011 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болды. 2012 жылы президенттің кеңесшісі болып жұмыс істеді, кейін премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2013-2019 жылдары Қызылорда облысының әкімі болды.

2019 жылдың маусымында ол президент әкімшілігінің бсшысы болып тағайындалды.

Сол жылдың қыркүйек айында ол мемлекеттік хатшы болды.

2022 жылдың 5 қаңтарында ол мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды.

x

Check Also

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Ежегодно государство финансирует посещение детьми творческих кружков, спортивных секций и программ дополнительного образования. Однако, в ходе проверок были выявлены серьёзные ...

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...