Жансақтау бөліміне түскен Жүрсін Ерман денсаулығы жақсарып, үйіне шықты

Осыдан біраз уақыт бұрын желіде ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Ақынның денсаулығы жақсарып, үйіне шыққанын әнші Төреғали Төреәлі мен айтыскер Марат Ахметов Instagram-дағы парақшаларына жазды.

Бұған дейін Желіде Дидар Қами Жүрсін Ерманның жансақтауға түскенін айтып, жазба жариялаған еді.

Ал, кеше әнші Төреғали Төреәлі Жүрсін Ерманның шаңырағында түскен видеоны желіге жүктеді.
«Әкеміздің бойынан әл кеткен жоқ», — деп жазып қойды әнші Instagram парақшасында.

Айтыскер Марат Ахметов те Жүрсін Ерманның жағдайын сұрауға барғандарын жазған.

«Бүгін Алматыға келіп Жүрсін көкемізді көзбен көріп, көңілін сұрап қайттық. Ағайдың жағдайы біраз жақсарып қалыпты. Тілеулес болған баршаңызға ризашылығын білдіріп жатыр. Жүрсін Ерман ұстазымыз ауруханадан сауығып шықты. Құдай тағала көптің тілегін қабыл етті деп білемін. Ағайдың шаңырағында бүгін бір керемет қуанышты күн болды. Бақытжамал апамыздың шәйін ішіп, Жүрсін ағайдың батасын алып қайттық. …Жүрсін көкеміздің ауруханадан сауығып шыққанын үйінде тойлап отырмыз», — деген ол.

x

Check Also

2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда ...

Токаев поздравил казахстанцев с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас с 80-летием Великой Победы! Этот знаменательный юбилей каждый казахстанец празднует с особым чувством ...