«ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САБАҒЫ» ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал- лейтенанты Марат Ахметжановтың тапсырмасына орай, 1 — қыркүйек Білім күні Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 8-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру мақсатында арнайы жиын өтті.
Жиынға Түркістан қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектеп психологтары және оқушылар қатысты.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу.
Полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев және Тергеу бөлімінің тергеушілері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер жайлы дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...