Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады — Xnews — ақпарат агенттігі

Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады

Футболдан Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларының жолдастық кездесуі аяқталды.

Екі команда бұған дейін 22 жыл бұрын кездескен еді. Содан бері құрамалар жолы түйіскен жоқ. Ол кезеңде қазақстандық футболшылар Азия құрлығында доп тебетін. Биыл Еуропада сынға түсіп жүргеніне жиырма жылдан асты.

Кездесу барысында БАӘ құрамасының ойыншылары белсенді бастады. Нәтижесінде 13-минутта олардың қатарында Фабио Лима есеп ашты. Қазақстандық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде қазақстандық футболшылар белсенді қимыл көрсете бастады. Ойынның 62-минутында ел құрамасынан Абат Айымбетов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал Фабио Лима 71-минутта қайтадан БАӘ құрамасын алға шығарды.

Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында 2023 жылдың 23 наурызында Словения құрамасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы турында Азербайжанға, жолдастық кездесуде Өзбекстанға есе жіберген болатын.

x

Check Also

Шымкентте бадминтоннан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Елдің 10 өңірінен келген 170 спортшы жеңімпаз атану үшін бақ сынауда. Олардың қатарында Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Батыс ...

Мінез бен табандылық сыналатын алаң: Қалада бокстан чемпионат өтіп жатыр

Шаршы алаңда нағыз бәсеке. Шымкентте жастар арасында бокстан қалалық чемпионат басталды. Сайысқа спорт мектептері мен клубтарынан 120 жас боксшы қатысуда. ...