ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ «QAZAQSTAN» МЕН «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫНАН ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛЕДІ — Xnews — ақпарат агенттігі

ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ «QAZAQSTAN» МЕН «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫНАН ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛЕДІ

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылғы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтетін футолдан Әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді. Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады.
ХХІІ Әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді. Трансляциялардан бөлек, бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар циклы ұйымдастырылады.
20 қарашадан бастап «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Қатар стадиондарынан репортаждар ұсынып, тікелей қосылымдарға шығады. Чемпионат кезінде Корпорацияның әлеуметтік желідегі парақшаларында жанкүйерлер арасында футбол атрибуттары ойнатылады.
ХХІІ Әлем біріншілігінің ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығы тек «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына тиесілі. Чемпионатты өзге ақпарат көздерінен трансляциялауға, таратуға тыйым салынады. Ел аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік ғимараттар мен қоғамдық орындардағы көрсетілімдер де тек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирі арқылы жүзеге асуы тиіс.
Ойындарды жүргізетін комментаторлар мен матчтар кестесі жақын уақытта жарияланады.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

Шетелдік жұмыскерлермен еңбек шартының жасалуы міндетті

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ? Жұмыс беруші үшін 3 негізгі қадам: Құжаттарды тексеру: жұмысқа қабылданар алдында ...