ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН СПОРТШЫЛАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Мәдениет және спорт министрлігі әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өскенін мәлімдеді. Министрлік мәліметінше, Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК 306 300 теңгеден алатын болды.
Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады. «Төлемдер 4 есе өсті деген жаңалықты естіп қуандық. Бұл біз үшін шешімі жоқ мәселе болған. Мұндай қуанышты жаңалық жас спортшыларымызды да жігерлендіретіні сөзсіз.
Әсіресе жаттықтырушылар үшін қуаныштымын, олар үшін бұл үлкен қолдау болды», — деп атап өтті Сидней Олимпиасының чемпионы Ермахан Ибраимов. Айта кету керек, бұл төлемді алу үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың спорт саласында кем дегенде жиырма жылдық жұмыс өтілі болуы керек.

x

Check Also

Азия чемпионаты: боксшы қыздар 12 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. ...

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. ...