Дені саудың — жаны сау

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары жасалып жатқандығын айтады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында 3716 астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, 380 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 400 сурдо-тифлотехникалық құралдармен, 285 адам қол арбамен, 304 адам жеке көмекшілер қызметімен, 541 адам шипажайға жолдамалармен, 198 адам инватакси қызметімен, 13 адам әлеуметтік такси қызметімен қамтылды.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 бағытта жұмыс атқарады:

  1. Тең қоғам;
  2. Белсенді ұзақ өмір;
  3. Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

Мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсететін орталық Түркістан қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен 2021 жылдың 13 желтоқсанында құрылған. Оның құрамында бүгінгі таңда үш бөлімше қызмет атқарып жатыр. Нақтырақ айтсақ, әдепкісі – «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі. Мұнда өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқан азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Кейінгісі – «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі. Онда жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және зейнет жасындағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын арттыруға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Ал үшіншісі – «TEN QOGAM» бөлімшесі. Бөлімше жеке тәсілді енгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметтер орталығында жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға:

Дәрігерлік кеңес;

Психологиялық кеңес;

Еңбек терапиясы;

«Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары;

Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);

Спорттық және сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, тенис т.б);

Музыкатерапия;

Бизнес-тренинг;

Мәдени демалыс шаралары;

Еңбек әлеуетін дамыту тақырыбында тематикалық курстар ұйымдастырылады.

Мекеме Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес 8 түрлі арнаулы әлемметтік қызмет көрсетеді.

  1. Әлеуметтік-медициналық қызмет

— Дәрігерлік кеңес;

— Физиотерапия;

— Адамның өз психикасын және дененің физиологиялық процестерін бақылау жаттығулары; 

— Массаж;

— Фитобар;

— Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);

— Би үйірмесі;

— Йога;

— Айкуне гимнастикасы (адам омыртқасына Шығыс медицинасы бойынша емдік денешынықтыру);

 — Скандинавиялық серуендеу (жүрек-тамыр жүйесін нығайтудың, бұлшықеттердің тонусының және күш пен қуат алудың тамаша тәсілі).

— Ерекшелігі, 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодренаж классикалық, гуаша, «баночный» және «акапунктурный» массаждарды жасайды.

БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грыжа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде.

  1. Әлеуметтік-психологиялық қызмет

— Психолог маман кеңесі.

— Жеке тұлғаның ең алдымен өзін, қоршаған қоғамды, дүниені дұрыс сезініп, бағалай білуін, сол арқылы туындаған мәселелерді оңай шешу жолдарын қарастыратын психосессия және осыған ұқсас тренингтер.

  1. Әлеуметтік-экономикалық қызмет

— Мәселені шешуге дұрыс көзқарас орнату және дұрыс мінез-құлықтарды қайталау арқылы қажетті дағдаларды қалыптастыру бойынша бизнес-тренинг;

— Тақырыптық курстар;

— Тиісті жәрдемақы, өтемақы, алимент және басқа төлемдерді алуға көмек беру, сүйемелдеу.

  1. Әлеуметтік-ағартушылық қызмет

— «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану және компьютерлік сауаттылық курстары;

— Араб тілі;

— Брайльмен жазуды үйрену;

— Менталдық арифметика.

  1. Әлеуметтік еңбек қызметі

— Еңбек терапиясы;

— Мүгедектерге кәсіптік бағдар беру

  1. Әлеуметтік-мәдени демалыс қызметі

— Мерекелік іс-шаралар;

— Музыка терапиясы;

— Саяхаттау (Тарихи-мәдени орындарға экскурсия);

— Спорттық-сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, теннис, т.б).

  1. Әлеуметтік-құқықтық қызмет

ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке байланысты мәселелер бойынша заңгерлік кеңес беріледі.

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет

— Еңбек дағдылыарын қалыптастыру және қоғамдық жұмыстарға тарту.

Аталған қызметтер орталықтың тұтынушыларына тегін ұсынылады. Арнайы әлеуметтік қызметтерді топ қалыптастырып әр топтың қатысу мерзімі санаттарына қарай 2-6 ай көлемінде көрсетілетін болады. www.Instagram.com және www.facebook.com әлеуметтік желілерде aleumettik_kyzmet Түркістан қалалық «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ парақшасынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысуға болады.

Бүгінгі таңда «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ғимараты концепцияға сәйкестендіру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Дегенмен тиісті іс-шаралар меморандум негізінде Түркістан қаласының аталған мақсатта жабдықталған ұйымдарында ұйымдастырылып, өткізілуде екен. Атап айтқанда, орталықтың «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі зейнет жасындағы азаматтарға көрсетілетін қызмет түрлерін халықты хабардар ету үшін жарнамалық бейнеролик жасалып, әлеуметтік желілерде жариялануда. Ақсақалдар кеңесі мүшелерімен «Қош келдің, Наурыз» іс-шарасы барысында және арнайы презентациялық шаралар ұйымдастырылып, көрсетілетін қызметтер мен бірлесіп атқаратын жұмыстар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті.

Орталықтың қызметін алуға өтініш білдірген азаматтардан 2 топ (40 адам) құрылып, өзге ғимараттарды жалға алып, бильярд, шахмат ойындары өтуде екен. Демеушілер қолдауымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай спорт түрі — бильярд, шахматтан зейнеткерлер арасында «Шапағат» спорттық және сауықтыру шаралары өткізіліпті.

Мәдени демалысты ұйымдастыру бағытында тарихи-мәдени орталығындағы «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражайы, «Vizit centre» туристік орталығы және «Бірінші Президент» саябағына экскурсия ұйымдастырылған.

 Алдағы уақытта «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары мен қазақша гимнастика «Айкуне» және еңбек терапиясы курстарын өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Биыл қазан айының 1-інде тұсауы кесілген «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі туралы кеңірек тоқталсақ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған болатын. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мақсаты — зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға медициналық, психологиялық, тұрмыстық, құқықтық қызметтерін және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту көзделген. Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын» ашу мақсатында қала әкімдігінің мемлекеттік меншігіндегі ғимараты белгіленіп (Түркістан қаласы, Мұсабеков көшесі, №2 а), жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың жалпы алаңы 728 шаршы метрді құрайды. 2022 жылға Түркістан қаласының бюджетінен орталықты ұстау және қызметтерді көрсетуге 166,3 миллион теңге бөлінді (жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базасы, жалақы қоры), 19 штаттық бірлік құрылды. Бүгінгі таңға Түркістан қаласында 14 915 зейнеткер тұрады. Орталықта күнделікті 70 зейнеткер тиісті қызметтерін, бір айда 150-200 адам қызметтермен қамтылады. Бір жылда 2500 ардагерді қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының 16 пайызын құрайды.

«Ten qogam» бөлімшесі қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан еңбек әлеуеті бар азаматтарды анықтап, оларға орталықтың ұсынатын қызмет түрлерімен таныстыру жұмыстарын атқаруда екен.

«Бүгінгі таңда ұсынылатын қызмет түрлерін пайдалануға 90 азамат ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында:

— мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылу мәселесімен — 11 азамат;

— жеке ісін ашуға қолдау көрсету сұрап, өтінішпен жүгінген — 35 азамат;

— құқықтық кеңес алып, заңдылық тұрғыдан көмек сұрап келген – 5 азамат;

Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру барысында жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс орындарын құру бағытында келіссөздер жасалуда.

Өз ісін ашуды көздеген азаматтарға бизнес тренер және еңбек терапиясы курстары ұйымдастырылуда.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесі жыл басынан 43 отбасы немесе 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіліп келеді. Олардың қатарында 57 кәмелет жасындағы жасөспірім, 11 қарт адам бар.

Әлеуметтік қызметтерді кешенді түрде ұйымдастыру бағытында ведомствоаралық меморандум түзіліп, қызметтерді сапалы көрсету мақсатында Түркістан қаласындағы сектор алқаптарының басшылары, ақсақалдар кеңесінің өкілдері және ведомствоаралық ұйымдары (білім, денсаулық, жұмыспен қамту орталығы және т.б) өкілердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіліп, бірлескен іс-әрекеттердің амалдары келісілді. Әрбір отбасы терең зерттеліп, бірінші кезекте демеушілерді тарта отырып азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілуде. Әрі қарай отбасының өзекті мәселесі нақтыланып, кешенді әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетіліп келеді. Атап айтқанда:

— 20 адамға құқықтық көмек және олардың мәселелері бойынша ішкі істер басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылуда;

— 39 адамға психологиялық диагностика;

— 22 адамға медициналық көмек;

— 8 адам дағдарыс орталығына орналастырылды;

— 25 адамның жұмыспен қамту жөнінде мәселесімен айналысуда.

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының демеушілігімен Түркістан қаласындағы аз қамтылған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектерге ауызашар іс-шарасы өткізілген. Қызмет алушылар санатын ескере отырып, орталықтың қызмет сапасы мен қызметкерлердің қарым-қатынасы және деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер арасында психологиялық тренингтер өткізіліп тұратыны да бұл орталықтың үнемі ізденісте екенін білдірсе керек.