ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «TURKISTAN MEDIA HOLDING» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «TURKISTAN MEDIA HOLDING» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Turkistan Media Holding» мекемесінің жұмысымен танысты. «Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры Жанахмет Ағыбаев өңір басшысына ақпарат саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Облыс әкімі «Алатау» медиа орталығына шағын экскурсия жасап, мәжіліс залын, инженерлер бөлмесі мен «Жасыл студияны» көрді. «Turkistan» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің журналистермен пікір алмасты. Телеарнаның студияларын аралап көрді. Сонымен бірге «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қозоғистон» газеттері редакциясында, Өңірлік коммуникациялар қызметі мен республикалық арна тілшілерінің қосынында болып, жай-күйін бағдарлады. Үлкен студияда «Turkistan Media Holding» мекемесінің жұмысы мен жетістіктері туралы қысқа бейнероликті тамашалап, ұжыммен тілдесті. «Turkistan» телеарнасын халықаралық деңгейге көтеріп, ақпарат саласындағы соңғы технологияларды пайдалану мәселесін ортаға салды.
Бүгінде Түркістан облысында 80-ге жуық БАҚ тіркелген. Журналистер қауымы Түркістан өңірінің дамуына үлес қосып, ақпараттық және идеологиялық салалар бойынша жүйелі жұмыс атқарып келеді.
x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...