ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «TURKISTAN» АЭА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

«Turkistan» арнайы экономикалық аймақтың инженерлік
инфрақұрылымның құрылысының екінші кезеңі жүзеге асуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Оранғай ауылында орналасқан аумағы 365 га құрайтын арнайы экономикалық аймақта болды. Ондағы газ, жол, су, жылу мен кәріз жүйесінің құрылысының жәй — күйімен танысты. Мұнда өрт сөндіру депосы, байланыс жүйесі, бақылау өткізу бекетінің құрылысы жоспарланған. 23 шқ.газ құбыры жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.
Сонымен бірге абаттанттыру жұмыстарын жүргізіледі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өндіріс алыптарына арналған аумақтың жұмысымен танысты. Жұмыс барысын бақылап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Облыс басшысы экономиканың негіз­гі тетігі саналатын эко­но­ми­ка­лық аймақты дамыту үшін инвестициялық ахуалдың да тартымды, тұрақты, жүйелі болуын айтты.
— «Turkistan» арнайы экономикалық аймақта бизнесін ашуға ниетті кәсіпкерлерге барлық жағдай жасауға міндеттіміз. Біз ұсынатын мүмкіндік өте қолайлы болуы тиіс. Тариф төмен, мүмкіндік мол болуы қажет. Ең алдымен арнайы экономикалық аймақта орналасатын жаңа жобалар үшін инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығы басым, — деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сонымен қатар, ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды. Индустрияландыру картасы аясында экономикалық аймақтың табысты дамуына жаңа серпін беретін өнер­кәсіптер мен аймақтардың ин­фрақұрылымын жандандыру мәселелеріне басымдық беріледі.
Бұл аймақтар – өндіріске инвестиция тартудың негізгі алаңдарының бірі. Себебі, оның аумағында орналасқан кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер ұсынылады. Атап айтқанда, кәсіпорын ашу үшін инвесторға барлық инфрақұрылым желілері жүргізілген жер телімі тегін беріледі. Оған қоса мұндағы компаниялар жер салығы, мүлік салығы мен корпоративті табыс салығынан босатылады. АЭА аумағында тауар өндірушілерге электр қуаты арзандатылған тарифпен беріледі.
«Turkistan» арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 650,772 млрд. теңге тұратын 91 жоба жүзеге асады. Бүгінде 65 жобаның іске қосылуынан 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Барлық жоба бойынша 8 мыңға жуық адам жұмысқа орналасады.
x

Check Also

Жыл қорытындысы: Елімізде дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, саланы жеңілдікті қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін артты

Primeminister.kz сайтының редакциясы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі басымдықтар мен ...

Түркістанда «Өнерлі өлке» фестивалі өтті

‘-Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Бұл фестиваль «Түркістан – түркі әлемінің туризм астанасы» жылы аясында ...