БҮГІН — ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ — Xnews — ақпарат агенттігі

БҮГІН — ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

БҮГІН — ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
10 қараша — Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні.
Қаулыға сәйкес 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде бұл саладағы қызметкерлердің жалпы саны 155 мыңнан асады.
Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.
Айта кетсек, биыл Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде (UN Global e-Government Development Index) 193 мемлекеттің ішінде 28-орынды иеленді. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша еліміз 8-орында.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
x

Check Also

Отбасы – адалдық пен алғыс бағы

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана бөлімшесінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді ...

Отбасы құндылығы – ұрпақ тәрбиесінің негізі

Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай Индустриалды-техникалық колледж жастары арасында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент ...