БҮГІН — ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

БҮГІН — ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
10 қараша — Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні.
Қаулыға сәйкес 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде бұл саладағы қызметкерлердің жалпы саны 155 мыңнан асады.
Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.
Айта кетсек, биыл Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде (UN Global e-Government Development Index) 193 мемлекеттің ішінде 28-орынды иеленді. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша еліміз 8-орында.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
x

Check Also

Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың ...

Кітап — білімнің бұлағы, ізгіліктің нәрі

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. Әбіш Кекілбаев Сөз зергері Әбіш Кекілбаев мемлекеттік хатшы қызметінде жүргенде ресми ...