«БІР АЛҚАПТАН 2-3 ӨНІМ АЛУ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА — Xnews — ақпарат агенттігі

«БІР АЛҚАПТАН 2-3 ӨНІМ АЛУ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысында «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Сарыағаш ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыс бар. Аудан әкімі М.Отаршиев Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Абдуназар» шаруа қожалығына қарасты жылыжай жұмысымен танысты. Шаруа қожалығының төрағасы Ш.Раймназаров өзінің иелігіндегі үй іргелік жер учаскесіне 0,22 га жылыжай тұрғызып, бүгінде мол табыс тауып отыр.
Бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген азамат бір өсімдіктен жылына екі рет өнім алу мақсатында жылыжайға 2021 жылғы желтоқсан айында «Блек перу» сұрыпты баялды (баклажан) көшеттерін отырғызған. Биыл жыл басында 15 тоннадан астам бірінші өнімді жинап алғаннан кейін көшеттің сабағын қырқып, яғни бір көшеттен екінші өнім алуға дайындаған. Еткен еңбек оңынан келіп, бүгінгі таңда шаруашылық бір көшеттен екінші рет 15 тоннадан астам өнім жинап отыр.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің еңселі еңбектерінің нәтижесінде 2022 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 104,4 млрд. теңгені құраса, ауыл шаруашылығы саласына 5,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бүгінде аудандағы жылыжай көлемі 683,2 гектарды құрап, осы жылыжайлардан 140 мың тоннадан астам өнім жиналды.
x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...