БИАТЛОННАН ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

2023 жылдың 4-12 наурыз аралығында тарихта тұңғыш рет Қазақстанда биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарлануда.

Келесі көктемде екі апта бойы Щучинск спорттық іс-шаралардың орталығына айналады — әлемдегі ең мықты, жас биатлоншылар жарыстың бес түрі бойынша 18 додада жүлделер үшін таласқа түседі.

Шаңғы жарысын мылтық атумен үйлестіре отырып, бұл қызықты қысқы спорт түрі әлемнің түкпір-түкпірінен көрермендерді тартады.
Жарыстардан бөлек, көрермендер үшін тамақ пен ыстық сусындар, ойын-сауық бағдарламасы, комментаторлар және т.б. ұсынылады.
Стадионда 800 көлікке арналған автотұрақ та бар.

Билеттің 3 түрі бар: бір күндік, «демалыс» билеті және all event.
Бір күндік билетпен іс-шараға таңдауыңыз бойынша кез келген күні, ал «Демалыс» билетімен барлық демалыс және мереке күндерінде (4, 5, 8, 11 және 12 наурыз) қатысуға мүмкіндік бар. All event билетімен барлық күндері, барлық жарыстарға кіре аласыз.

Әлем чемпионатына билеттер сатылымға шықты. Өз билетіңізді дәл қазір мына сілтеме арқылы сатып ала аласыз: https://ticketon.kz/event/yuniorskiy-chempionat-mira-po-biatlonu