Мемлекет осындай бағдарлама қабылдады
Ұлт саулығы – мемлекеттің ең басты байлығы деп саналады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенованың 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған болатын. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мақсаты — зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға медициналық, психологиялық, тұрмыстық, құқықтық қызметтерін және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту көзделген. Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын» ашу мақсатында қала әкімдігінің мемлекеттік меншігіндегі ғимараты белгіленіп (Түркістан қаласы, Мұсабеков көшесі, №2 а), жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың жалпы алаңы 728 шаршы метрді құрайды. 2022 жылға Түркістан қаласының бюджетінен орталықты ұстау және қызметтерді көрсетуге 166,3 миллион теңге бөлінді (жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базасы, жалақы қоры), 19 штаттық бірлік құрылды. Бүгінгі таңға Түркістан қаласында 14 915 зейнеткер тұрады. Орталықта күнделікті 70 зейнеткер тиісті қызметтерін, бір айда 150-200 адам қызметтермен қамтылады. Бір жылда 2500 ардагерді қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының 16 пайызын құрайды.