Баланың туу туралы куәлігін енді онлайн алуға болады — Xnews — ақпарат агенттігі

Баланың туу туралы куәлігін енді онлайн алуға болады

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тууын тіркеу кезінде туу туралы медициналық куәліктерді әділет органдарына беруді қамтамасыз етеді. Енді бұл құжатты Kaspi.kz платформасын пайдаланушыларға баланың туу туралы куәлігін беру қызметі арқылы онлайн алуға болады.

Kaspi.kz.әзірлеушілері түсіндіргендей туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты — жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін — куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО таңдау керек.

Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өтуі — смартфон камерасына бетіңізді көрсету қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған. Бұл сервис Денсаулық сақтау, әділет, инновацияларды цифрлық дамыту және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, «ҰАТ» АҚ және Kaspi.kz компаниясымен бірлесіп іске асырылды.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...