Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды

Ақмола облысының әкімдігі өкілдері мектеп қазандығы жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

«18 қарашада Аршалы ауылындағы мектеп қазандығы жарылысынан зардап шеккендердің бірі 1967 жылы туған В.П. Белых 2022 жылғы 18 қарашада ауыр жағдайда аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шекеннің адамның басы, денесінің жоғарғы оң жағы 20 пайызға күйіп кеткенін айтты. Тыныс алу жолдары да күйген. Медицина авиация сапына ОКА2-ден травматолог жіберілді», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Сол күні сағат 23:25-те науқастың жүрегі 30 минутқа тоқтағаннан кейін барлық реанимация шарасы жүргізілген, бірақ нәтижесі болмаған. Түн ортасында зардап шеккен адам қайтыс болды.

Аршалы ауданы әкімдігінің атынан жергілікті атқарушы органдар марқұмның отбасына жерлеуді ұйымдастыруға барлық қажет көмек көрсетілген.

«Дәрігерлердің айтуынша, 1990 жылы және 1983 жылы туған науқастардың жағдайы тұрақты. Зардап шеккендер Аршалы аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінде емделеді», — деді әкімдік өкілдері.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...