ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙДЫ

ҚАЛАЙ?

ІШКІ АУДИТ ЖӘНЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ НЕМЕСЕ ПАЦИЕНТТЕРДІ КОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ АРҚЫЛЫ

Бүгінде олар әр емханада бар.

Медициналық қызметкерлер тарапынан проблемалық мәселеге немесе түсінбеушілікке тап болған әрбір пациент сол жерден көмек сұрап, өз проблемасын шеше алады.

Егер емханада мұндай қызмет болмаса, сіз тікелей бас дәрігердің орынбасарына жүгіне аласыз.

Қормен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасай отырып, медициналық ұйым халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады. Жеткізушіге қойылатын бұл талаптар шартта жеке тармақпен бөлінген және олардың орындалуы Қор тарапынан бақылауға жатады.

ӨТІНІШТЕР МЕН ШАҒЫМДАР АРҚЫЛЫ

Егер емхана деңгейіндегі жағдайды шешу мүмкін болмаса, емделушілерде медициналық сақтандыру қорына кері байланыстың ресми арналары арқылы жүгіну мүмкіндігі бар:

24/7 мобильді қосымшасы

fms.kz сайты

1406 бірыңғай байланыс орталығы

Сарапшылар сізге ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу бойынша кеңес береді, мәртебесі мен төлемі бойынша ақпаратты тексереді, қажет болған жағдайда мәселені шешуге медициналық ұйымның сарапшыларын тартады.

МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ

Бүгінгі күні Қор медициналық көмектің сапасын бағалау мониторингінің әртүрлі түрлерін, оның ішінде медициналық ұйымдарға бару арқылы жүргізеді. Ағымдағы немесе жоспарлы, мақсатты, проактивті және жоспардан тыс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, жоспардан тыс мониторинг пациенттердің өздерінен түскен шағымдар мен өтініштер негізінде ғана кері байланыстың ресми арналары – 1406 бірыңғай байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және fms.kz сайт арқылы жүргізіледі.

Әрбір осындай сұрау салуды пациенттің тарихын толық талдай отырып және оған ұсынылатын медициналық көмектің сапасын бағалай отырып, Қор сарапшылары жеке тәртіппен пысықтайды. Егер шағым негізделсе және медициналық ұйым тарапынан бұзушылықтар анықталса, Қор экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.