«ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

Түркістанда «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы және партияның Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті.
Қоғамдағы әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған форумға ауылдық жерде тұратын әйелдер, үй шаруасындағы аналар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, көпбалалы аналар, бюджеттік сала қызметкерлері мен кәсіпкерлер, депуатттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Сондай-ақ Алматы, Қостанай, Астана, Шымкент қалаларынан арнайы қонақтар келді.
Форумды ашқан «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы форумның жұмысына сәттілік тіледі.
– Әйел – тіршілікің тұтқасы, айнасы! Кез келген қоғамда әйел-ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Бүгінгі өткізіліп жатқан форум әйелдердің ел дамуындағы рөлін айықындайтын бірегей іс-шара. «AMANAT» партиясы әр қашанда нәзік жанды азаматшаларды қолдап келген. Қазіргі таңда облыстың саяси-қоғамдық өміріне де араласып жүрген азаматшаларымызда аз емес. Түркістан облысында 1 млн. 28 мың 323 әйел азаматы бар, бұл облыс халқының жалпы 49,3 пайызын құрайды. Республикадағы әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келетіні баршаңызға мәлім. Түркістан облысындағы 320 депутаттың 75-і әйелдер болса, облыстық мәслихаттағы 45 депутаттың 9-ы – әйелдер. Бұл ешқашан болмаған жетістік, – деді Қалыйма Жантөреқызы.
Басқосуда «ORDA FM» радиосының директоры Мейрамгүл Мәдәлі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, әйелдердің ел дамуында алатын орны жоғары екендігін жеткізді. «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту қауымдастығының өкілі Жандос Әзімбай форумға модераторлық жасады.
Әлеуметтік-демографиялық прогрессті қамтамасыз етудегі әйелдердің жаңаша рөлі талқыланды. Экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшуге, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға, әйелдер арасында қаржылық сауаттылық проблемаларын шешуге және өзін-өзі бағалауды, жеке өзін-өзі дамытуды арттыруға арналған баяндамалар жасалды. Тақырып аясында түрлі бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды. Онда әр салада табысты еңбек етіп жатқан әйелдердің өмірі көрсетілді. Ал пленарлық отырыста «Әйелдер: жаңа жағдайдағы жаһандық миссия» тақырыбы талқыланды.
Жетісай ауданының іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Набаткүл Байтанаева «Ауылдық аумақтардың даму үрдістері. Әйелдерге арналған инфрақұрылым және жағдайлар» жөнінде, ал «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК гинекология меңгерушісі Гульнара Кожагилдина «Әйелдер миссиясы: бірге салауатты бүгініміз бен болашағымыз үшін» тақырыбын сөз етті. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Инара Намазбаева кәсіпкерлік саласымен айналысудың қыр-сырымен түсіндірді.
Басқарманың жетекші маманы Мадина Сапахова «Қаржылық сауаттылық – отбасы бюджетін жоспарлаудың негізі» тақырыбында баяндама жасады. «Сенім жүрек» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Гүлбахира Тәжібаева «Әйелдер көшбасшылығын ілгерілету» аясында өз тәжірибесімен бөлісті. Форум қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша сұрақ-жауаппен ұласып, ұсыныс-тілектер назарға алынды.
x

Check Also

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...

Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті реттеу және қорғау есебінен инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін жалғастырады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ...