ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰЛБОСЫН — САМБОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Түркістандық Ұлбосын — Арменияның Ереван қаласында өткен «Жастар арасындағы әлем чемпионатында» самбодан күміс жүлдені иеленді.
Одан бөлек, Ливан мемлекеті астанасы — Бейрутта ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі 2-ші орынды алды.
Жастайынан спортты серік еткен ару — Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» жаттығады. Бапкері — Бейсембаева Мөлдір Тастанбекқызы
Жас спортшының бұған дейін, Қызылорда қаласында өткен жастар арасындағы самбо күресінен 80 кг салмақта Қазақстан чемпионатында жүлделі екінші орын, Орал қаласында самбо күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жүлделі бірінші орыны бар.
Сонымен бірге, өткен жылы Өзбекстан Республикасында өткен Жастар арасындағы самбо күресінен 80 кг салмақ дәрежеде — «Азия чемпионы» атанған.
x

Check Also

Азия чемпионаты: боксшы қыздар 12 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. ...

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. ...