Түркістанда шаһардың гастрокартасы таныстырылды (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда шаһардың гастрокартасы таныстырылды (видео)

Түркістанда алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» атты гастро фестиваль өтті.

Шарада 20 дан астам мейрамхана мен дәмхана қонақтарға ұлттық, жергілікті және көше тағамдарын, тәттілер мен сусындар ұсынды. Қоғамдық тамақтандыру саласын дамыту, гастрономиялық брендін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада авторлық мәзір бойынша дайындалған тағамдар мен дәстүрлі ас түрлері де бар. Фестивальге қатысқан екі мыңнан астам қонақ аспаздардың өнерін де тамашалады. Түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, ас дайындау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Ал «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы көпшілікке Түркістанның алғашқы гастрокартасын таныстырды. Бұл картадан нағыз түркістандық самсаны, оңтүстік кебабын немесе қазақ тағамдары туралы ақпарат алуға болады.

Әсем Бақытқызы, Алматы қаласының тұрғыны:
Осындай мереке болатынын естіген соң, арнайы Түркістан қаласына келіп отырмын. Неше түрлі тағамдарды көріп жатырмын. Тәттілері де өте дәмді. Және де керемет концерт болып жатыр. Шынымды айтсам керемет демалып жатырмын.

Дереккөз: «Qazaqstan» телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...