Түркістан қаласының гастрономиялық картасы таныстырылды

Бүгін Түркістан қаласында «Gastro Fest Turkistan — 2022» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гастрофестивальде қаланың 25-тен астам мекемесі ұлттық, жергілікті тағамдар және көше тағамдарын әзірледі. Одан бөлек, шара қонақтарының десерттер мен түрлі сусынның дәмін көру мүмкіндігі болды.

Фестиваль қатысушыларына қойылған талаптардың бірі дәстүрлі тағамдарды авторлық рецепт бойынша көше тағамдары форматында дайындау. Сондай-ақ, мәзірде әлемдік деңгейдегі ас түрлері де болды.

Аталған шараны өткізудегі мақсат — өңірдегі қоғамдық тамақтану саласын дамыта түсіп, гастрономиялық бренд қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

«Жергілікті халықтың гастрономиялық өнерін насихаттауға бағытталған фестиваль өңіріміздің шебер аспаздарының дәстүрін одан жалғастыруға оң серпін беру мақсатында ұйымдастырылып отыр»,-деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шараның ашылу салтанатында.

Аспаздық өнер фестиваліне 2 мыңнан астам адам қатысты. Сол сияқты ас әзірлеуден бөлек, концерт, ойындар, байқаулар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы іс-шара барысында Түркістанның алғашқы гастрокартасын таныстырды. Картада қаладағы тамақтану орындары туралы туристерге арналған ақпарат бар.

«Мысалы, гастрономиялық картадан нағыз түркістандық самсаны, оңтүстік кебабты, қазақ тағамдарының көне рецептері бойынша тағамдарды немесе жергілікті фаст-фудты қайдан жеуге болатынын таба аласыз. Гастрокарта туристерге арналған нұсқаулық қана емес, сонымен қатар мейрамханалар мен кафелерге бару үшін жеңілдік купондарының жинағы. Барлық купондар жыл соңына дейін жарамды», — делінген хабарламада.

x

Check Also

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия отырысы өткізіліп, өңірдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер ...

В Келесе прошла осенняя акция по посадке деревьев «Посади бесплатный саженец»

В центре Келесского района в селе Абай прошла осенняя акция «Посади бесплатный саженец». В акции приняли участие сотрудники районного акимата, ...