ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті қауым!
Қадірлі түркістандықтар!
Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мерекенің мәні айрықша. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен бірінші құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
Тарихтан белгілі, 1990 жылы қазан айының 25-і күні
«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.
Бұл – еліміздің Тәуелсіздік жолындағы нақты қадамы еді.
Азаттықты аңсаған халқымыздың арманын орындауда осы декларацияның маңызы зор.
Бұл құжат арқылы Қазақстан дербес саясаты бар, демократиялық жолды таңдаған ел болуға қадам басты.
Өзіндік тарихы, салт-дәстүрі, елі, жері бар мемлекет екенін әлемге жариялады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы ретінде тарих сахнасына оралуымызға ықпал етті.
Биыл, 25 қазан – ұлттық мерекеге айналып, Республика күні болып бекітілді.
Әлемде тілі, діні, мәдениеті бар болса да, тәуелсіздік ала алмай жүрген ұлттар көп. Бұл ретте басқа қонған бақты бағалаған жөн.
Қазақстан Республикасының тұрақтылығын сақтау, дамыту – баршамыздың міндетіміз. Ол үшін шынайы отансүйгіштік қажет.
Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық құндылықтарымыз құрметтеліп, тарихымыз дәріптелді. Соның бір дәлелі – Түркістан облысының құрылуы.
Түркістан қаласының тарихи рөліне мән беріліп, рухани орталыққа айналды. Бүгінде өңіріміз қалыпты даму үстінде. 4 жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны өсті.
Өңірді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.
Ардақты ағайын!
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімін бастап берді. Түркістандағы «Рәміздер алаңында» да қасиетті көк байрағымызды көкте желбіреттік. Бұл патриоттық іс-шара жастардың мемлекеттік рәміздерге, туған елге деген құрметін арттыратыны анық.
Қастерлі де қасиетті Республика күні мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға – амандық, отбасыларыңызға – береке тілеймін.
Мызғымас бірлік пен ізгі тірлігіміз арқылы Жаңа Қазақстанды дамытуға атсалыса берейік.
x

Check Also

Түркістан: Базардағы кітапханаға 10 мыңдай оқырман келген

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында ...

Түркістан: «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды ...