«Түркістан — жүрегімнің төріндесің» ән байқауы өтті (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

«Түркістан — жүрегімнің төріндесің» ән байқауы өтті (видео)

Рухани шахарда «Түркістан — жүрегімнің төріндесің» атты жас әншілер байқауы өтті, деп хабарлайды «Ońtústik TV» телеарнасы.

Ән додасы Республика және «Қала күні» мерекелеріне орай ұйымдастырылды. Өнер бәйгесінде Түркістандық оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қанша үміткер қатысты, кімнің бағы жанды?

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде өткен ән бәйгесіне 20 оқушы қатысты. Бұл байқау Балаларды өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар Түркістан, Отан, туған жер туралы әндерін орындады.

Жанерке Күнтемір М.Шоқай атындағы №24 мектептің 10-сынып оқушысы. Бүгінгі байқауда ол Сая Махамбеттің «Қазағымсың» әнін айтты. Жастайынан өнерге құмар жас осындай байқаулар өнерді шыңдауға септігін тигізеді және өз мүмкіндігіңді сынап көруге жағдай жасайды дейді.

Нәтижесінде М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дінмұхаммед Алпыс бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды.

Басқа қатысушылар деңгейлеріне сай түрлі орындарды иеленді. Оларды Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі диплом және мақтау қағаздарымен марапаттады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...