Кәсіпкерлік нарық қатынастарын реттеп отыратын ортаның нақ өзі.
Экономиканың өтпелі кезеңінде де шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, еліміздің нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндеті — халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді.
Бүгінде Түркістан қаласында кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалардың қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаратылып жатқаны белгілі. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында жемісін беруде. Осы орайда қала бойынша кәсіпкерлік саласының жағдайын білу мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Талғат Қыдырбаевқа бірнеше сұрақ қойған болатынбыз.
– Талғат мырза, бизнесті қолдау қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып өтсеңіз.
– Ия, кәсіптің керегесін кеңейтіп, көзін табам деушілерге бүгінде мол мүмкіндіктер берілген. Қазіргі таңда өнеркәсіпте, шағын және орта бизнес түрлерінде жетістіктерге жетіп жатқан азаматтар аз емес. Келтіргелі отырған көрсеткіштер осының дәлелі. Нақтырақ айта кетсек, өнеркәсіп саласында 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында 10332,8 млн.теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (8813,5) өсім 1,1 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 6151,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (5621,8) 109,4 %-ды құрап өсім беріп отыр. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 3293,9 млн.теңгенi құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырған (2851,8) 115,5 пайызға артты.
Осылайша өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9 пайызды құрап, қала-аудандар бойынша 4 орынды иеленіп отырған жайымыз бар.
Үдемелi индустриалды-инновациялық даму жөнінен 2022 жылдың ІІ тоқсандығы бойынша индустриалды аймақтың қатысушылары 1,01 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 110 млн. теңгеге салық төледі. Нәтижесінде 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 3 млрд.теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысына қол жеткізді. Айта кетсек, олар:
1.«Ali Construction Group»ЖШС – 890 млн.тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.
2.«TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.
3.«Гүлзада»ЖК – 100 млн.тг., 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.
4.«Бозарық АБЗ»ЖШС – 1500 млн.тг., 100 жұмыс орны, асфальтты бетон сұйығын жасау жобасы.
Осы аталған жобалар жоғарыда аталған көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек.
Келесі жоба – 2022 жылы жоспар бойынша құны 810 млн.теңге және 54 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба 2022 жылы іске қосу жоспарланған болатын.
1.«Баянды Құрылыс» ЖШС – 593 млн.тг., 28 жұмыс орны;
2.«Оспан» ЖК – 100 млн.тг., 6 жұмыс орны;
3.«EuroBlock Production» – 113,8 млн.тг., 20 жұмыс орны;
Аталған кәсіпорындар ішінен «Баянды Құрылыс» ЖШС іске қосылып 31 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қалған екі кәсіпорын тамыз айында іске қосылады деп жоспарлануда.
Шағын және орта бизнеске келсек, 2022 жылдың қаңтар-шілде айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 14500 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 14155 немесе 97,6 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (11352) 1,2 есеге артты. Жұмыспен қамтылған адам саны 29628, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (29128) 1,0 есеге артып отыр. Өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 127,8 млрд теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (97,2) 1,3 есеге артты, бюджетке төленген салық көлемі 11,6 млрд. тенгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,853 млн теңгені құрап 1,4 есеге артты.
Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айында «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-і 198,5 млн.теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Рахымжан» жеке кәсіпкерлігі «Forte bank» ұйымынан 100 млн теңге көлемінде несие алып, жыл соңына дейін 90 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда және осы бағдарлама аясында 11 жоба 662 млн теңгеге субсидияланып, 6 жоба 60 млн теңгеге кепілдендірілгенін айрықша атап өткім келеді.
Алдағы уақытта «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ырыс» микроқаржы ұйымының Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілуі жоспарланып отыр.
Сондай-ақ қаланың экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі екенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 25469 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 113,6 пайызды құрады. Тауарларды өткізу көлемі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 3,8 құрап, өзге қала мен аудандар арасында 1 орынды иеленіп отыр.
Осы ретте инвестицияға тоқтала кетсек, негізгі капиталға тартылған инвестиция 114069,2 млн. теңгені құрап, 2021 (100187,9) жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 1,1 пайызға өсіп, 113,8 пайызды құрады. Қала мен аудандар арасында 11 орыннан көрінуде.
Оның ішінде республикалық бюджеттен 34194,2 млн.теңгені, жергілікті бюджеттен 40,280,5 млн.теңгені және өз қаржысы есебінен 28450,0, банктерден 8299,1, басқа да қарыз қаражаты есебінен 2845,4 млн.теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 110,0 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 11 орында тұрғанын атап өткім келеді.
Ауыл шаруашылығы саласына тоқтала кетсек, аталмыш салада 2666,8 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 92,5 пайызды құрады.
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы жалпы өнімі 2022 жылдың қаңтар-шілде айына 1077,5 млн.теңге болса, мал шаруашылығы өндірісінде 1513,9 млн теңгені құрады.
Міне, осы аталған көрсеткіштер тиісті бағдарламалардың тиімділігін, сондай-ақ кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактілер.
– Несібесін кәсібінен күтетін азаматтарға қызығатынымыз рас. Олардан көп нәрсені үйренуге болады. Десе де, қарапайым халық үшін азық-түлік бағаларының тұрақтылығы маңызды. Биылғы жылғы қымбатшылық қарапайым халықтың қалтасын қағып, бағаның шарықтауы ешкімге оңай тимегені анық. Осы бағытта, яғни, бағаны тұрақтандыруда қандайда шаралар қолдандыңыздар ма?
– Ия, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш бірыңғай ақпараттық жүйесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағандары туралы арыз-шағымдар көптеп түсуде. Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылы 08 шілдеде №1489 «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шыққан. Аталған қаулыға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ERSOP базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізіліп, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп алғашқы ретке ескерту парағы берілді.
Сонымен қатар, азық-түлік бағалары халыққа қолжетімді болуы мақсатында қаламызда орналасқан әмбебап дүкен иелеріне «Әлеуметтік бұрышты» көбейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдері мен кәсіпкерлігі туралы құжаттарын қоса берді. Бүгінде «Сайрам» сут өнімдері мен «Али» сауда өнімдері жеткізілуде. Қосымша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан қаламызда орналасқан «INSAF LTD» ЖШС, «Абдрахманов Өткір» ЖК, «Абдрахманова Умида» ЖК, «Уримбаева Света» ЖК, Салманов Фарух, Ғажайып ЖШС наубайханаларымен 4 жақты келісім шарт түзіліп 7350 теңгеден наурыз–маусым аралағында 678 тонна көлемінде ұн таратылды. Қазіргі таңда, наубайханалар 85 теңгеден тәулігіне 23800 дана нан өнімдерін қаламызда орналасқан 205 сауда орындарына жеткізіп отыр. Бөлім тарапынан сатылымға шығарған нан бағасының 90 теңгеден сатылуын қадағау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ қаламызда құмшекер бағасын тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігінің өтінішімен жеке кәсіпкер Арыстанов Полатбек наурыз айында 555 теңгеден 62 тонна, ал сәуір айынан шілде айы аралығында 174 тонна көлемінде қаламызда орналасқан 137 сауда орындары арзандатылған шекер беріп, оның 10 пайыздық үстемақысымен сатылуын қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
– Талғат мырза, көптеген бәсекеге қабілетті елдердің қазынасы туризм арқылы толығып жатқанынан хабардармыз. Сол секілді біздің көркейіп, гүлденіп жатқан қаламызды көруге асыға келушілердің көбейіп жатқаны қуантады. Ендеше, осы туризм аясындағы ауыз толтырып айтарлық мәліметтермен бөліссеңіз.
– Дұрыс айтасыз, Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі. Атағы әлемге жайылған кесенеге зиярат етіп келетін, сәулетіне тамсанып кететін туристердің саны жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде жаңарған қаламызға, облыс орталығына республикамыздың түкпір-түкпірінен ғана емес, шет елдерден де тамсана келіп жатқан туристер саны күннен күнге артуда. Осы себепті Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында, оның ішінде республикалық деңгейде іске асырылатын тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша ауқымды жобалар қолға алынды. Атап өтсек, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағын абаттандыру, сондай-ақ «Қожа Ахмет Яссауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелерін және қақпаларын қалпына келтіру жұмыстары іске асырылуда. Нәтижесінде Түркістан қаласына келушілер саны одан да арта түспек.
Шаһарда қазіргі таңда жеке инвестиция есебінен қонақ үйлер, демалыс орындары, ойын-сауық орталықтарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласында елімізде баламасы жоқ туристік-рекреациялық орталықтың салынғанынан хабардарсыздар. «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы су спорт түрлерімен айналысуға және жағажай туризмін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ қалада «Түркістан мол» сауда орта-лығының, «Отау» сауда орталы-ғының, «Медина Палас» қонақ үйінің, «Теннис» орталығының, Бизнес орталықтардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласында бүгінде қонақ үйлер саны 55-ке жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58% – ға (2021 жылы – 32 қонақ үй) артып, жоғарғы санатты қонақ үйлер саны 10-нан асты.
Нақты фактіге жүгінсек, 2022 жыл 7 айдың қорытындысы бойынша келуші және туристер саны 952 428 адамды құрады.
Айта кетерлік жәйт, Хазірет Сұлтан әуежайы ашылғалы туристердің келуіне өз септігін тигізуде. Қазіргі таңда, еліміздің он үш қаласынан бөлек Стамбул бағытында тұрақты рейстер қойылған. Оның ішінде 11 қалаға субсидияланған рейстер ашылғанынан да хабардар етейік, яғни билет құны қолжетімді, 18 доллардан 60 долларға дейінгі аралықты құрайды. Бұл өз кезегінде туристік әлеуетті арттырып отырған жайы бар.
Жаңа Түркістанға жасалатын саяхаттар туроператорлар әзірлеген турпакеттер аясында жүзеге асырылуда. Бір күндік стандартты тур пакетінің құны 100 доллардан 150 долларға дейін, оған тамақтану, көлік, гид және компанияның маржасы кіреді. Бір күндік түнгі туристік пакеттердің тағы бір санаты бар, 20 мен 40 АҚШ долларын құрайтын оған көлік, нұсқаулық және компанияның маржасы кіреді.
6 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 25,7 млрд. тг. құрады.
Өздеріңізге мәлім, қаламызда мереке күндері «Керуен сарай» кешенінде атаулы іс-шаралар ұйымдастырылып, республикамыз бен шетелдің танымал әншілері өнер көрсетіп келеді. Жыл соңына дейін әншілер мен жұлдызды топтардың қатысуымен 17 іс-шара ұйымдастырылмақ. ҚР Үкіметі бекіткен «Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарға» сәйкес «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан 25 іс-шараны өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы және «Керуен сарай» кешенімен іс-шаралар тізбесін пысықтап толықтыруда.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен «Керуен сарай» кешеніне келетін туристер мен қонақтар санының артқаны аңғарылады.
Мереке күндері қонақүйлердің нөмірлік қоры толықтай сатылады, 7 ай бойынша қонақүйлердің орташа жүктемесі 41%-ға жетті, республика бойынша орташа жылдық жүктеме 20%-ды құрайды. Туристік сала кәсіпкерлерімен байланыс нығайып, туристік нысандарды әлеуметтік желілерде насихаттау күшейген. Алматы облысының «Лимон» туристік операторы бір-екі күндік шығу турын ұйымдастырып, аптасына екі рет 50 адамнан келіп тұрады. Ал «Визит Түркістан» туроператоры наурыз және маусым айларында қала бойынша 400-ден астам экскурсия өткізген.
Сонымен қатар Түркістан қаласында ашылған, жалпы аумағы 40 гектарға жуық жерде орналасқан Президент саябағында тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы 100 мың текше метрге жуық. Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Саябақтың ашылуына орай «Түркістан маржандары» мерекелік кеші ұйымдастырылды. Түркістанның жаңа туристік орнына арнайы келген тұрғындар мен қонақтарға Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.
Түркістан қаласында «Президент» саябағы және тұңғыш рет жағажай ашылып, балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен бірге көпшіліктің қатысуымен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, байқаулар өтті. Су айдынында желкенді қайықтар жүзіп, облыстың ескек есушілері өз шеберліктерін көрсетті.
Енді, алдағы уақытта «Әзірет Сұлтан» қорығы ішінде қонақтарды және қала тұрғындарын қызықты-рып тарту мақсатында түйе маршру-тын ұйымдастырсақ деген жоспары-мыз бар. Сіздерді де осындай қызық-ты шараларды көруге шақырамыз.
– Әңгімеңізге рахмет! Халықтың көңілін көтерер аталмыш шоуларды кішкентай-ларымызды қуанту үшін бірге көргенше асықпыз. Рахмет!