ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округіне қарасты «Күншуақ» мөлтек ауданында заманауи ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Бұл жаңа алаңша асыр сала ойнаған балдырғандардың тілегі. «Балалар жылы» аясында ашылған алаңша олардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға зор мүмкіндік береді.
Мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабынды төселген. Орындықтар мен қоқыс құтылары да орнатылған.
Айта кетерлігі, Түлкібас аудан әкімі Нұрлан Байғұттың округ тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде көтерілген бұл мәселе көп ұзамай шешімін тапты. Ауыл тұрғындары игі шараға қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, өз ризашылықтарын жеткізді.
x

Check Also

«Ақорда» резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына ...

«Өткенмен өмір сүрмеуіміз керек»: Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, ...