ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылында ұлттық мереке – Республика күніне орай жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады.
Үш мыңнан астам тұрғыны бар Жабағылы ауылдық округіне үш елді мекен қарайды. Сонау егемендік алған жылы әкімдік құрылымдары құрыла бастаған шақта округ әкімдігі ескі үйдің ғимаратында орналасқан болатын. Сол уақыттан бүгінгі күнге дейін бұл мәселенің түйіні шешілмей келген.
Жылына 4 мыңнан астам турист ат басын тірейтін аймақта аталған мәселе тұрғындар тарапынан соңғы есептік кездесулерде жиі көтеріліп келген-ді. Аталған мәселе өзекті мәселелердің қатарына алынып, облыс және аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, шешіліп отыр.
Мерекелік шарада ауыл ақсақалдары жаңа ғимараттың лентасын қиып, шалғай ауылға көңіл бөліп, жағдай жасап жатқан билік өкілдеріне алғыстарын жеткізді.
Өткен жылдан өтпелі болып бой көтерген заманауи ғимаратта халыққа қызмет көрсететін мамандарға үшін 8 бөлме мен туристерге арналған арнайы бұрыш бар. Интернет және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
x

Check Also

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...