ТМД БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫ САЙЛАУ НАУҚАНЫН МОНИТОРИНГІЛЕУГЕ КІРІСТІ

ТМД байқаушылар миссиясы еліміздегі президент сайлауы науқанын мониторингілеуге кірісті. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов айтты.
«ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті. Бүгін біз ұйымдастыру мәселелерін шешумен айналысатын миссия штабын ашамыз. Штаб өңірлерге қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалау мәселелерімен айналысатын болады. Миссия басшысы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев болады. Маған миссиямыздың ашылуына қатысу тапсырылды», — деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.
Оның атап өтуінше, миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.
«100-ден астам адам болады. 10 адам — ұзақ мерзімді байқаушы. 100-ден астам адам қысқа мерзімді байқаушы. Ұзақ мерзімді байқаушылар келіп, аккредитациядан өтті. Қысқа мерзімді байқаушылар Қазақстанға сайлау қарсаңында екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық аймақты және сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз. Байқаушылар сайлау учаскелеріне, аумақтық сайлау комиссияларына барады, сайлау науқанына дайындық барысын талқылайды», — деді Ильхом Нематов.
x

Check Also

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған ...

Жолдау жүктеген міндеттер: Президент тапсырмалары Түркістан облысында қалай орындалады?

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңір басшысы Мемлекет ...