СОЗАҚТЫҚ ЖАСТАР АҚСАҚАЛДЫҢ ҮЙІНЕ КӨМЕККЕ КЕЛДІ

«Жанашыр жүрек» халықтық акциясы Созақ ауданындағы Тасты ауылында жалғасты. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» өкілдері мен ауылдың ерікті жастары бірлесе Тасты ауылындағы жалғыз басты ақсақалдың үйіне көмекке келді.
Жастар Төлегенов Орынбасар қарияның қысқы отынын дайындауға білек сыбана кірісіп кетті. Олардың атсалысуымен ақсақалдың ауласындағы қоқыс жиналып, жері аударылды.
Өнегесі мол істі қолға алған жастарға риза болған қария батасын беріп, алғысын жаудырды.
Қарттардың көңілін серпілтіп, алғысына бөленген ерікті жастар «Жанашыр жүрек» шарасын «25-қазан Республика күні» мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырды. Қамқорлық шарасы жалғасуда.
x

Check Also

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын ...