СОЗАҚТА ҰЛТТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысы, Созақ ауданында Ұлттық спорт мектебін ашу көзделген. Бұл туралы бүгін «Теріскей» шабандозарын қабылдап, құрмет көрсеткен Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков айтты. Елімізде алғаш рет 18-30 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өткен болатын. Аламанда шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды. Биыл тұңғыш рет өтіп отырған бұл бәйгенің баламасы әлемде жоқ. Дүбірлі додаға Қазақстан бойынша 19 аймақ сәйгүлік қосқан. Осынау сында созақтық шабандоздар «Теріскей» командасы, Түркістан облысының намысын қорғады.
— Ат, бәйге, көкпар десе делебезі қоспайтын қазақ жоқ. Астанадан бастау алған марафон- бәйгеде созақтық тұрғындар алаңдап, құлақтарын тосып жүрді. Созақтық атбегілер абырой болып, биіктен көрінді. Бұл сөзсіз сіздердің, барлық команданың еңбегі. Алдағы уақытта ауданнан ұлттық спорт мектебін ашу мәселесін қарастырып жатырмыз,- деді аудан басшысы.
Жеңімпаздарға құрмет көрсеткен аудан басшысына команда жетекшісі Алмат Айтжан, Мырзағали Жақаев ризашылығын білдірді. «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінде Зұлқайнар Думан, Бауыржанұлы Исатай, Барлыпұлы Сайдрахман, Тоқтарұлы Өскен, Жанысбайұлы Армияд сынды шабандоздар ат тізгінін ұстады. Сонымен қатар Түркістан облысы «Теріскей» командасының жетекшісі Алмат Айтжан, Түркістан облысы ұлттық ат спорты мектебінің аға жаттықтырушысы Айтбаев Нұрхан, команда мүшелері Жақаев Мырзағали, Әбдіраев Әлиайдар, Ұлықсатов Барлып, Есентаев Бауыржан, Мақанов Еркін, Қыстаубаев Біржан, Өтепов Абай, Жазылбек Ниетқабылұлы сынды азаматтар ауызбіршілікте болып үлкен жетістікке жетті.
x

Check Also

Азия чемпионаты: боксшы қыздар 12 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. ...

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. ...