ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Қазақстанның Экологиялық қорының бастамасымен Түркістан облысы, Шардара қаласындағы Майлықожа көшесінің бойынан «Жастар» аллеясының ашылу салтанаты өтті. Республика күніне орай 100-ден астам ағаш отырғызылып, ескерткіш орнатылды.

Аталған шара «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөнiндегi шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлiгi мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ықпалымен ұйымдастырылып отыр.

– Аллеяның дәл осы өңірде ашылуы кездейсоқ емес. Шардара – Арал өңiрiнiң экологиялық қолайсыз аумағында орналасқан қала. Ал бұл экошараның маңызы жоғары. Көшеттері бар аллея тұрғызу арқылы белгілі бір аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, экологиялық мәдениетті насихаттауға мүмкіндік береді, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Аллеяның ашылу салтанатына «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Ғалым Құрман, «Қазақстанның Экологиялық қоры» жобасының жетекшісі Айгүл Абдуалиева, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Шардара қаласы әкімдігінің өкiлдерi, табиғатты қорғауды мақсат тұтқан түрлі ұйымдар, жергiлiктi белсенді жастар мен мектеп оқушылары қатысты.

Одан соң қонақтар «Шардара Армспорт» клубына барып, чемпион жастармен кездесті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...