САУРАНДЫҚ ЕКІ ОТБАСЫҒА ДЕМЕУШІЛЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

САУРАНДЫҚ ЕКІ ОТБАСЫҒА ДЕМЕУШІЛЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысындағы Сауран ауданында қайырымды жандардың қолдауымен екі отбасы қоныс тойын тойлады. Майдантал ауылдық округінде Сауран ауданының Құрметті азаматы Ержан Бексейітовтің бастамасымен баспанаға мұқтаж екі отбасына қуаныш сыйланды. Қайырымды іске ауылдың белсенділері және жеке кәсіпкерлері бірлесе ұйымдасқан.
Саурандықтардың қуанышын бөлісу үшін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, ауданның зиялы қауымы, ақсақалдары мен тұрғындар жиналды. Сауапты іске ұйытқы болған барша жандарға алғыстарын білдірді. Жаңа баспанаға ие болған ауыл тұрғындары Әлжан Маханов пен Рахымжан Тапанов армандарын орындаған азаматтарға алғыстарын айтты.
Бүгінде мемлекет тарапынан да, демеушілердің көмегімен де көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әркез қолдау көрсетілуде. Қайырымдылық жасау — ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиелектің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Түркістан облысында адал тапқан нәпақасын қайырымдылыққа жұмсап, мұқтаж жандарға жанашырлық танытып жүрген азаматтар саны өсіп келеді.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

Шетелдік жұмыскерлермен еңбек шартының жасалуы міндетті

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ? Жұмыс беруші үшін 3 негізгі қадам: Құжаттарды тексеру: жұмысқа қабылданар алдында ...