САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Сауран ауданында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай, «Спорт — денсаулық кепілі» атты марафон ұйымдастырылды.
Сайыс ауылдық округ тұрғындары арасында 3 шақырым қашықтыққа жүгіруден өтті. Марафонға ауданнан 800-ге тарта азамат қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Сауран ауданында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысып, жарысқа қатысушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтады.
Марафонда өзгелерден озық келгендер марапатталып, қаржылай сыйлықтар алды. Атап айтқанда, әйелдер арасында 1-орынды Наргиза Алишерова иемденсе, жүлделі екінші және үшінші орындарды Гуллола Садықова мен Умсин Муслимова өзара бөлісті. Ал, ерлер арасында Серік Исмайлов жеңімпаз атанса, 2-орынды Руслан Ташполатов, 3-орынды Закир Аманбай алды. Өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
x

Check Also

Дропперлікпен айналысқандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылады

ҚР заңнамасына сәйкес, алаяқтық үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Сондай-ақ дропперлік үшін – 5 жылға дейін, ...

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...