Сарыағашта электро-шәйнек шығарыла бастады

Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығын құрастыратын цех өз жұмысын бастады.

«Bah_Asmar» ЖШС-на қарасты өндіріс орны күніне 600-700 дана электро-шәйнек және 10 000 дана еден сүрткіш шығарады. Цех 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Қ.Егембердиев өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Серіктестіктің жұмысымен танысқан аудан әкімі М.Отаршиев өңірде кәсіптің көзін тапқан жас кәсіпкерлердің саны күн санап артып жатқанын айтты.

«Сұранысқа ие өнімнің ең бастысы отандық екендігі көңіл қуантады. Бастысы халыққа қолжетімді бағада, сапалы болса, басты жетістік осы. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады», — деді аудан басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...