САЙРАМДА ТҮРЛІ ҰЛТ ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ — Xnews — ақпарат агенттігі

САЙРАМДА ТҮРЛІ ҰЛТ ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Республика күніне орай, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастары арасында қазақ халқының ұлттық ойындарынан сайыс өтті. Аталған спорттық сайыс Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ауқымды спорттық шараның салтанатты ашылуында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жастарды алдағы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ата-бабаларымыз осы ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жалғастырып отырған. Күні кеше Түркияның Изник қаласында ІV Дүниежүзілік көшпенділер сайысы өткенін білесіздер. Әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы қатысқан әлемдік додада Қазақстан құрама сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз ұлттық спорттың туын жықпай, айтулы жеңістерге қол жеткізді. Таяуда қазақ күресінен Сайрамда «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтіп, түйе балуаны анықталды. Түркістандық Тоқтарбек Айдарбек бас жүлдеге ие болып, темір тұлпар табысталды. Бүгінгі сайысқа қатысушылар да сондай дүбірлі додаларға үкілеп қосатын спортшыларымыздың жолын жалғастырып, жеңіс тұғырынан көріне берсін! — деді М. Оразалиев.

Ұлттық спортты ұлықтаған додаға Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының этнос жастарынан құралған командалар қатысты. Онда жастар ұлттық ойындардың 8 түрінен, атап айтқанда, қазақ күресі, қол күрес, садақ ату, асық ату, қошқар көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі тебуден бақ сынады.

Сайыс нәтижесінде қазақ күресінен Жетісай ауданынан келген Абдулла Нуров «Түйе балуан» атанды.

x

Check Also

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...