САЙРАМДА Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ 1200 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданы жаңа білім ұясымен толықты. Аудан орталығы Ақсукент ауылдық округінде орналасқан жекеменшік мектептің құрылысы биыл мамыр айында басталып, қазан айында аяқталып отыр.
Білім ордасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына табысты еңбек тіледі.
Мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Заманауи және типтік үлгідегі 1200 орынға лайықталған білім нысанының құрылысына 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Жалпы аудан аумағында 15 жекеменшік мектеп болса, оның 7-і кәсіпкер Низамхан Сулаймановтың демеушілігімен салынған. Жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алып, қалған бос уақыттарында пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына қажетті жағдай жасалған.
Білім шаңырағында спортзал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, 400 орындыққа арналған асхана және акт залы, гимнастика залы, ашық және жабық футбол алаңдары, қысқы бассейн, кітапхана бар.
x

Check Also

Түркістан: Базардағы кітапханаға 10 мыңдай оқырман келген

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында ...

Түркістан: «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды ...