РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ БЕРДІ — Xnews — ақпарат агенттігі

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ БЕРДІ

Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері салтанатты түрде Ант берді. Ант беру рәсіміне Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков қатысып, мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі.
– 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың Ант беру рәсімдері өткізілуде. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ол – ел сенімін ақтау, мемлекетке адал қызмет ету. Алған білімдеріңіз бен күш-қайраттарыңызды мемлекетіміздің, облысымыздың өсіп-өркендеуіне жұмсайды деп сенім білдіре отырып, жұмыстарыңызға, бастамаларыңызға табыс тілеймін, – деді Ә.Тұрғымбеков.
x

Check Also

Investing.com Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

Жаһандық сараптамалық Investing.com платформасында Қазақстанға арналған  — «Trust Becomes the New Capital as Kazakhstan Climbs 17 Places in Global Investor ...

Түркістанда инвестициялық жобалардың қарқыны артуда

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысын күшейтіп, кәсіпкерлердің нақты мәселелерін жергілікті жерде шешуге басымдық беруде. Осы бағытта Палата ...