РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ БЕРДІ

Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері салтанатты түрде Ант берді. Ант беру рәсіміне Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков қатысып, мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі.
– 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың Ант беру рәсімдері өткізілуде. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ол – ел сенімін ақтау, мемлекетке адал қызмет ету. Алған білімдеріңіз бен күш-қайраттарыңызды мемлекетіміздің, облысымыздың өсіп-өркендеуіне жұмсайды деп сенім білдіре отырып, жұмыстарыңызға, бастамаларыңызға табыс тілеймін, – деді Ә.Тұрғымбеков.
x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде осылай деді. «Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби ...

Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып, агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы мен болашақ даму бағыты туралы ...