«ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ

15 қазан күні Түркістан қаласының Жеңіс паркінде Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы және 25 қазан Республика күнін қала бойынша іс- шаралар жоспарына сәйкес, қала жастарымен сенбілік болып өтті. Нақтырақ айтсақ, тазалықты жанына серік еткен қала жастары тұрмыстық қалдықтардан көше бойын тазартты. Экологиялық шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ортаға ұқыпты қарауға шақыру.
Тазалық акциясына 100-ден астам жас қатысып, қала аумағындағы «Жеңіс», «Парасат» саябақтарында, сонымен қатар желілік саябақтарды қоқыстан тазалау шараларын өткізді.

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...