ҚОҚЫС ТӨГІП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ! — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚОҚЫС ТӨГІП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ!

Түркістан қаласында тазалық мәселесі қатаң қадағалануда.
Қала аумағындағы 787 көшеге санитарлық тазалық жүргізіледі. Оның 136 көшесі — механикалық жолмен, 651 көшесі қолмен тазаланады. Орталық маңызы бар 39 көшенің қоқысы күніне екі мезгіл алынады.
Бұл жұмыс секторлар тарапынан да күнделікті бақылануда. Нәтижесінде, тазалық талаптарын бұзған 4570 азаматқа айыппұл салынды: “Отырар” секторында – 37 , “Сауран” секторында – 106, Бірлік тұрғын алабында – 38, “Шауғар” секторында – 66, “Бекзат” тұрғын алабында-45, “Яссы”секторында – 65 азаматқа хаттама толтырылды.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – әкімшілік жауапкершілікке алып келетіні, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленгені туралы тұрғындарға түсіндірілуде.
Сондай-ақ, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы әрекеттер қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке ұлғаятыны ескертілуде.
Түркістан қаласы аумағының тазалығын сақтау мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтік шараны күнделікті жүргізетінін назарларыңызға саламыз.
x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...