ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ІІ-КЕЗЕҢІ ЖОСПАРЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Биыл Түркістан облысының құ­рыл­ғанына 4 жыл толды. Осынау қыс­қа уақыт ішінде киелі шаһар көр­кейіп, көрсе көз тоятындай үлкен қа­­лаға айналды. Түркістан сыртқы келбетімен ғана сұлуланып жатқан жоқ. Өңірдің әлеуметтік-экономика­лық дамуы жақсарып, барлық са­лада өсім байқалады.

Бүгінде қаланы дамытудың ІІ кезеңі жүріп жатыр

Түркістан қаласы туризм, мәдениет, медицина, білім мен ғылым, спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын ор­та­лыққа айналып келеді. Мұнда тұрғындар­дың, жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалып жатыр. Қазір Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі жүріп жатыр, бұл жұмыстар шаһардың 4 аумағында жүзеге асырылып отыр. Оның біріншісі – әуежай аумағы. Мұнда 12 жоба қолға алынады. Оның ішінде 100 орындық қонақүй, жеміс бағы, 50 гектар жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынбақ. Екін­шісі – әкімшілік-іскерлік орталығын­да жүзеге асатын 57 жоба. Олардың қата­рында Халықаралық теннис орталығы, құрылысы жүріп жатқан «Мұз сарайы» бар. Одан бөлек, ат спорты кешені, де­малыс орындары мен денсаулық сақтау нысандарын да атап өтуге болады. Сондай-ақ осы аумақта жалпы 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 46 мың пәтерді пай­далануға беру жоспарланған.

Ал үшіншісі, Б.Саттарханов даңғылы­ның бойында да бірқатар жоба жүзеге асуы тиіс. Төртінші аумақ – Мәдени-рухани орталықта Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абат­тандыру жоспарға алынған. Бұдан бөлек, «Керуен сарай» тұрғын үй кешені, «Ама­нат» коттедж қалашығы, Medina Palace қонақүйі, «Қылует» мәдени-рухани орта­лығы салынып жатыр. Жалпы, Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвести­циялардың көлемі 1,3 трлн теңге болады деп межеленген. Оның 1 трлн теңгесі не­месе 77 пайызы жеке инвестициялар есе­бінен жүзеге асады.

Қаланы суландыру, газдандыру мәсе­ле­сі шешімін тапқан. Жасыл алқап аумағы ұлғайып, қаланың экологиясы да жақса­рып келеді. Туристер саны артып, респуб­ли­калық, халықаралық деңгейдегі бас­қосулар жиі өтіп жатыр.

Қазір Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру ая­сында құны 34,3 млрд теңге болатын
5 сер­­пінді ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігі де басты назарға алынған.

Түркістан шетелдіктер үшін туризмі­мен еске түседі. Сондықтан өңірде туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Туризмді өңірдің негізгі драйверлерінің бірі ретінде оны дамыту басты назарда тұр.

Сонымен қатар облыс болып құрылған төрт жылдың ішінде халқының саны 285 216 адамға көбейгенін де айтпай кетуге болмайды. Түркістан осылайша түрленіп, түлеп жатыр.

x

Check Also

Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жаңғырту. 2024 жылы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау ...

Түркістан: Келесте «Абай» газ тарату станциясы іске қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер шешіліп жатыр. Осы ретте Түркістан облысына қарасты ...