ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФЕРМЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауалды үгіт-насихат аясында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесуге ірі шаруа қожалықтарының басшылары, қарапайым фермерлер, мақта өсірушілер мен диқандар қатысты.
Кандидат Жигули Дайрабаев кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қаржыландырудың, жер және техникалық ресурстардың қолжетімділігі мәселелерін қозғады. Түркістан облысы фермерлердің көп шоғырлануымен және АӨК құрылымындағы үй шаруашылықтары үлесімен ерекшеленетіндіктен, бұл – өңір үшін ерекше өткір проблема.
Кездесуде фермерлер су тапшылығы жайлы алаңдаушылықтарымен бөлісті. Олардың айтуынша, бұл мәселе жыл сайын өршіп келеді. Облыстың мақта өсірушілері де өз проблемаларын айтты. Биыл Түркістан облысында 125 мың гектардан астам жерге мақта егілді, аграршылар 300 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.
Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясы алты адамды президенттіктен үміткер ретінде тіркеді. Олар – Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, «Заманауи қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры Мейрам Қажыкен, «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев, Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Қарақат Әбден, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының негізін қалаушы Салтанат Тұрсынбекова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.
x

Check Also

Әз наурыз қарсаңында «Түркістан» ансамблінің алғашқы концерті өтті

Облыс орталығында Түркістан музыкалық драма театры жанынан құрылған «Түркістан» ансамблінің тұсаукесер концерті өтті. Өнерсүйер қауымның зор ықыласына бөленген гала-концертке Түркістан ...

Түркістан облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша конкурс жариялайды!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, ...