ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты 600-ден астам тұрғыны бар Теспе және 1000-нан астам тұрғыны бар Ықыластемір ауылдарына табиғи газ берілді. Қос ауылдың көптен күткен қуанышына ортақтасуға Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Теспе ауылына газ тарту жұмысын «Texprom» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға қаралған қаржының көлемі – 150 млн 726 мың теңге. Абонент саны – 104. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 13,7 шақырым.
Ықыластемір ауылына газ тарту жұмысын «Нұрай құрылыс жолы» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға 54 млн. 887 млн. теңге қаралған. Абонент саны – 169. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 6,9 шақырым.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 9 елді мекен газбен қамтылған. 2022 жылдың қорытындысымен 24 574 жеке тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, көрсеткіш 19,6%-ға жетеді.
Жалпы, биыл Ордабасы ауданы бойынша 24 елді мекенде 28 газ нысанының құрылысы жүргізілуде. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Келесі жылы 24 елді мекенде газ нысандары іске қосылған жағдайда барлығы 69 952 тұрғын (57,3%) табиғи газға қол жеткізбек.
x

Check Also

Депутаттар облыстық жинақтау бекеті мен аумақтық қорғаныс бригадасының жұмысымен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес маусым айында өтетін сессияда облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық ...

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарға мемлекеттік грант көлемі артады

Бүгінде Түркістан облысындағы колледждерде жаңа мамандықтарды енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте, мемлекеттік гранттар нақты қажетті мамандықтарға бөлінбек. Өңірде ...