ӨҢІРЛЕРДЕ БАЙҚАУШЫЛАР ПУЛЫН ОҚЫТУ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Елімізде сайлау үдерісін байқаушылар жасарып келеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты.
Партиялық емес байқау орталығының төрағасы республика бойынша байқаушылар қатары толысқан, түрлі мамандық иелері екендігін айтады.
– Республика бойынша байқаушылардың орташа жасы 40-45 құрайды. Яғни, республика бойынша байқаушылар толысқан, түрлі мамандық иелері десек болады. Ал жастар жылдан-жылға, сайлау өткен сайын азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіре бастады. Өйткені, әлемде, елімізде не орын алып жатқанын, өзгерістерді көріп отыр. Олар белсенді азамат болғылары келеді, — деді ол.
Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен Президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек.
— Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді, — деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы.
x

Check Also

Елімізде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Оған дейін бірқатар агротехникалық жұмыстар атқарылды: 17,1 млн гектар алқапта ылғал ...

Түркістан облысында биыл 1 мың гектарға жуық жерге егін егіледі

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов мәлімдеді. «Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың ...