ӨҢІРЛЕРДЕ БАЙҚАУШЫЛАР ПУЛЫН ОҚЫТУ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Елімізде сайлау үдерісін байқаушылар жасарып келеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты.
Партиялық емес байқау орталығының төрағасы республика бойынша байқаушылар қатары толысқан, түрлі мамандық иелері екендігін айтады.
– Республика бойынша байқаушылардың орташа жасы 40-45 құрайды. Яғни, республика бойынша байқаушылар толысқан, түрлі мамандық иелері десек болады. Ал жастар жылдан-жылға, сайлау өткен сайын азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіре бастады. Өйткені, әлемде, елімізде не орын алып жатқанын, өзгерістерді көріп отыр. Олар белсенді азамат болғылары келеді, — деді ол.
Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен Президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек.
— Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді, — деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы.
x

Check Also

В Шымкенте открылось шесть комфортных школ

Накануне Нового года аким Шымкента Габит Сыздыкбеков принял участие в открытии шести комфортных школ, расположенных в пяти районах мегаполиса. В ...

Түркістан: Бәйдібек ауданында тағы бір ауыл табиғи газға қосылды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл облыс ...