МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді.
Бүгінгі күні шаһардағы 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Олардың 700-і мектеп ішінде, 464-і сыртында орналасқан.
Камералардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.
Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Бұл білім беру мекемелерінде орын алған кез-келген құқық бұзушылықтың алдын жылдам алуға көмектеседі.
Қазіргі уақытта мектептердегі бейнебақылау жүйелерін күзетші мен оқу орнының басшылығы қадағалайды.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждер камералармен толық қамтылған.
x

Check Also

Исі қазақтың дауылпаз жыршы, дәуслескер күйші һәм дарағай әншілері Шымкент төрінде ұлттың асыл мұрасын әспеттеді

Қазақтың дәстүрлі өнері – ұлттың рухани күретамыры. Ол — тарихи жадымызды аман сақтап келе жатқан қастерлі құндылық. Ән мен күй ...

Шымкентте «Асыл мұра» өнер фестивалі өтті

Қазақтың рухы – күй мен жырда, әуез бен сазда. Бабалар аманатын арқалаған қара домбыраның үні естілсе, жүрек тебіреніп, елдің жан ...