КЕНТАУДА «KENTAU KIDS MARATHON 2022» БАЛАЛАР МАРАФОНЫ ӨТТІ — Xnews — ақпарат агенттігі

КЕНТАУДА «KENTAU KIDS MARATHON 2022» БАЛАЛАР МАРАФОНЫ ӨТТІ

Балалар жылында Түркістан облысы, Кентау қаласында «KENTAU KIDS MARATHON 2022» республикалық марафоны өтті. Жарысқа екі мыңға жуық жас спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Оқушы марафоншыларға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов сәттілік жолдады.
– Қаламызда алғаш рет өткелі тұрғын республикалық марафонға қош келіпсіздер! ҚР Президентінің жарлығымен 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауының өзінде үлкен мән бар. Себебі біздің жарқын болашағымыз мына өздеріңіз секілді мықты жастардың қолында, – деді ол.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған марафонда түрлі жарыс жеңімпаздары да келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен артықшылықтарын таныстырды. 8, 9, 10 жас аралығындағы балалар 500 метрге, 11, 12, 13 жас аралығындағы балалар 1000 метрге, 14, 15, 16 жас аралығындағы балалар 2000 метрге жүгірді. Марафон қала орталығындағы Қонаев көшесінде өтті.
Сайыс соңында қала әкімі Жандос Тасов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмахаметәлі Бердашев жеңімпаздарды құттықтап, медальдар табыс етті. Ал жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлерге ірі жарыстарға жолдама берілді.
x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...