КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Шеру басында Мемлекеттік туымыз көкке көтеріліп әнұран шырқалды. Іс шараны Amanat партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахмет Абраманұлы ашып беріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
— 1990жылы қазан айының 25 күні Жоғары Кеңесінің шешімімен декларация қабылданды. Сол сәттен бастап еліміз өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Ендігі кезекте осы мерекені кең көлемде атап өту бізге берілген үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы жастарымыздың санасына патриоттық ой, өршіл рух беруіміз керек, — деді Ахмет Абдраманұы.
Абай ауылының ішкі көшелерін бір топ автокөлік Мемлекеттік туымызды көтеріп жүріп өтті. Автошеру барысында Мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды.
x

Check Also

Қазақстанда АЭС құру қажеттілігі

Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елде де энергия өндіру қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге қоршаған ортаға энергия өндірудің зияны ...

Түркістандық оқушылар салауатты өмір салтын қолдайды

Түркістанда жасөспірімдер арасындағы спорттық сайыстар жалғасуда. Қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» ұйымдастырған шарада баскетбол мен үстел теннисінен жарыс өтті,-деп ...