ЖАУАПТЫЛАРҒА ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы кондоминиум нысандарын, екінші мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі, Яссы көшесі мен «Отырар» мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстарын, С.Қожанов көшесіндегі кәріз жүйесі құрылысын, Тәукехан көшесіндегі ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады.

Аралау барысында жауапты мамандарға қала аумағындағы 2 қабатты 25 тұрғын үйді газдандыруды аяқтауды,

І және ІІ мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Т.Бокин көшесінде қолға алынған абаттандыру мәселесін тұрғындармен келісе отырып жүргізу ескертілді.

Қала аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жайы қозғалып, тұрмыстық қалдықтар тастаған мекемелерге тиісті шара көру қажеттігін атап өтті.

Отырар мөлтек ауданындағы құрылыстарға қатысты мердігерге де біршама ескертулер айтып, тапсырмалар жүктеді.

Берілген тапсырмалардың орындалуына мерзім белгіленіп, сапасына бақылау жүргізу әкімнің орынбасарларына бекітілді.

x

Check Also

Түркістанда Нұртас Оңдасыновтың тарихи болмысы ашылған конференция ұйымдастырылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде қазақтың біртуар азаматы, ұлтымыздың аса көрнекті қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына арналған ...

Түркістандық жазушы мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды ...