Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында отансүйгіштік, патриоттық сезімді дамыту, спортқа жаны құмар жастарға қолдау көрсету мақсатында республикалық жарыстардан жоғары нәтижелерге жеткен жерлес спортшы – Ауелтай Ержан Бейсенбекұлымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — үздік спортшының жеткен жетістіктері мен ерен еңбектері туралы етене танысу, қала жастарының спортқа деген ынталарын арттыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ержан Бейсенбекұлы – Қазақстан дзюдо чемпионы.
Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан спортпен шұғылдану аса маңызды.
Қазіргі уақыт өткен кезеңмен салыстыруға келмейді. Себебі уақыт өте қоғамға көптеген өзгерістер енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі туындады. Қазіргі таңдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізе бастады. Жастар арасында зиянды әдеттер тарап, темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық дендей бастады.
Осы келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев адам саулығы мен дені сау ұрпақ қалыптастыру міндетін ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде ұстанып келеді.
Қаламызда салауатты өмір салтын ұстану қағидатын қалыптастыру жүйелі жүзеге асып келеді. Атап айтсақ, 139 ойын алаңы, 69 спорт зал, 6 жүзу бассейні, 10 теннис корты, 4 спорт кешені, 3 стадион, жалпы 231 нысан ел игілігіне жарап отыр. Спортпен тұрақты шұғылданатындардың қатары жыл өткен сайын артуда.
Салауатты өмір салты- бұл ең әуелі денсаулықты сақтау және нығайту. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасуы тиіс.
Бүгінгі іс – шараның осы міндеттерді атқаруда алатын орны ерекше. «Мықтылық мұратсыз келмейді» дейді халық даналығы. Ал, неміс ақыны Гете «Басыма құнды ойлар мен оны жеткізудің көркем тәсілдері жаяу жүрген кезде келеді» деп, қозғалыстың ойға пайдасын жеткізген.